ШАПЕШОВТАР ОТБАСЫ ДАУЫС БЕРДІ

ШАПЕШОВТАР ОТБАСЫ ДАУЫС БЕРДІ
ШАПЕШОВТАР ОТБАСЫ ДАУЫС БЕРДІ
Аудандық мәслихат депутаты Жеңіс Шапешов отбасымен N296 Қособа сайлау учаскесіне келіп, ауылының кемел келешегі үшін таңдау жасады.
Елге сыйлы, мәуелі бәйтеректей жайылған әулеттің дауыс берушілер қатарында депутаттың анасы, жары, бала-келіні бар. Олар сайлауды саяси науқан деп емес, мейрам деп ұғынған.
Шапешовтар отбасы киелі мекен Қособаның тағдыры, дамуына бей-жай қарай алмайтындықтарын көрсетті.