Қособа ауылдық округіне қарасты N297 Жырақұдық сайлау учаскесі бүгін таңертең 7-де жұмысын бастады. N297 Жырақұдық сайлау учаскесінің комиссия төрағасы Сабыржан Төлегенов сөз ашып, мемлекеттік гимн ойнады.
Ауыл тұрғыны Бижамал Сұлтанғалиева сайлаушылардан алғаш болып, дауыс беріп, сайлау учаскесінің комиссия төрағасының сыйлығына ие болды.
N297 Жырақұдық сайлау учаскесінде 278 сайлаушы болса, сағат 8-ге 20 сайлаушы өз таңдауларын жасады.
Сайлауға байқаушы ретінде ауыл әкімдігіне үміткер Артур Искаковтың сенімді өкілі Ерлан Ахметқалиев, «Дауыс» қоғамдық байқаушылар коалициясы атынан Медет Гумаров, «Абырой» қоғамдық бірлестігі атынан Маханбет Айтмағанбетов, «Жария» жергілікті қоғамдық бірлестігінен Клара Байбулова қатысуда.