АЛТЫН ҚҰРСАҚТЫ АНАЛАР ҚАТАРЫ ТОЛЫҚТЫ

АЛТЫН ҚҰРСАҚТЫ АНАЛАР ҚАТАРЫ ТОЛЫҚТЫ
Ауданымызда алтын құрсақты аналарымыздың қатары тағы да толықты. Сырым ауданының әкімі Жұмагелді Батырниязов алтын құрсақты аналарды қабылдап, 1 анаға “Алтын алқа” мен 4 анаға “Күміс алқа” табыстады.
Аяулы жандарға ізгі тілегін білдіріп, халық санын көбейтуге үлес қосқан аналарға алғыс білдірген аудан әкімі Жұмагелді Жолдыбайұлы “ананың аялы алақаны бүкіл бір әлемді мейірімге бөлей алады. Сондықтан халық санын көбейтумен қатар, саналы ұрпақ тәрбиелеулеріңізге тілекшімін. Өсіріп отырған ұл-қыздарыңыз еліміздің нағыз патриоты боларына сеніміміз мол”- деп аналарға сый-сияпат табыстады.
Аналар тарапынан Бұлдырты ауылының тұрғыны 6 баланың анасы Ботагөз Мұхашева “аналарға көрсетіп отырған құрметтері үшін аудан басшылығына алғысымды білдіремін. Барша қыз-келіншектерге көпбалалы ана болу бақытын тілеймін” - деп алғысын білдірді.
Айман УТИҒАЛИЕВА,
Сырым ауданы