ТОҚСАНҒА ТОЛҒАН КЕЙУАНАНЫ ҚҰТТЫҚТАДЫ
Жымпиты ауылдық округі әкімі Мейрам Қайырғалиев пен Жымпиты ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғилаж Қаналиев Жымпиты ауылының тұрғыны, торқалы 90 жасқа толған кейуана Жамған Сұлтанованың шаңырағына арнайы барып құттықтады.
Жамған Сұлтанова саналы ғұмырында қазіргі Сырым колледжінде іс жүргізуші болып жұмыс жасап, зейнетке шықты. Бүгінде ұрпақтарының қолында бақытты ғұмыр кешуде.
Ауыл әкімі кейуанаға жылы лебізін білдіріп, камзол мен жаулық жауып, құттықтау хат пен естелік сыйлық табыс етті.