ДЕНСАУЛЫҚ САҚШЫЛАРЫ ЖАҢАЛЫҚ ЖАРШЫСЫНА ЖАЗЫЛДЫ

ДЕНСАУЛЫҚ САҚШЫЛАРЫ ЖАҢАЛЫҚ ЖАРШЫСЫНА ЖАЗЫЛДЫ
ДЕНСАУЛЫҚ САҚШЫЛАРЫ ЖАҢАЛЫҚ ЖАРШЫСЫНА ЖАЗЫЛДЫ
Дені сау адам қоғамның басты байлығы деп санайтын аудандық аурухана медбикелерінің жұмысы қарбалас. Жұмыс кестелері тығыз,уақыт пен шыдамдылықты талап етеді. Алайда, соған қарамастан, олар «Сырым елі» газетін оқуға да уақыт табады.
Бүгін аудандық аурухананың бас медбикесі Әсел Қалбаева бастаған медбикелер аудандық «Қазпошта» бөлімшесіне келіп, екінші жарты жылдыққа аудан айнасына жазылды.
Бас медбикенің айтуынша, аудандық аурухана ұжымы баспасөзге жазылуды жоспардан асыра орындап келеді. Ақ халатты абзал жандар соның ішінде, «Сырым еліне» оң көзқараста.