САРОЙЛЫҚТАР СЕРІКТІҢ ШАРАПАТЫН СЕЗІНДІ
Сарой ауылдық округінің Көздіқара ауылының "Серік" шаруа қожалығының жетекшісі елім деп ет жүрегіелжіреген Серік Мутиев қайырымдылық жасауды үрдіске айналдырған.
Жуырда атымтай жомарт азамат Сарой ауылдық округінің жалғыз басты, әлеуметтік көмекті қажет етуші 25 отбасына бірінші кезектегі азық-түлік (рожки, шағу май, күріш) пен ірі қара малын сойып, еттей таратып берді.
Мұндай көмекпен Серік Тарғынұлы бірнеше жылдан бері ауылдастарын қамтып келеді.
Қайырымдылық ісінің шарапатын сезініп, разы болған ауыл тұрғындары: « Бізге жасаған жақсылығы Алладан еселеп қайтсын» деген тілегін білдіруде.