ШАҒЫН ФУТБОЛДАН ЕСКЕ АЛУ ТУРНИРІ ӨТТІ

ШАҒЫН ФУТБОЛДАН ЕСКЕ АЛУ ТУРНИРІ ӨТТІ
ШАҒЫН ФУТБОЛДАН ЕСКЕ АЛУ ТУРНИРІ ӨТТІ
Сырым ауданының 1985 жылғы азаматтарының ұйымдастыруымен құрдастары Абзал Бауыржанұлын, Тұрсынбек Ғалымжанұлын, Мирам Төлегенұлын, Арсен Амантайұлын, Айбек Меңдіғалиұлын еске алуға арналған шағын футболдан ардагерлер арасында аудандық ашық турнир өтті.
Турнирдің ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Артур Шерғалиев командаларға сәттілік тілесе, Арман Ғұмаров құрдастары атынан марқұмдардың туыстары мен ұрпақтарына қаржылай сыйлықтарын табыс етті.
Шағын футболда 8 команда өзара бақ сынасып, нәтижесінде ІІІ орынды “Бөрлі”, ІІ орынды “Алға”, І орынды “Орал сити” командасы иеленді.
“Мұғалімдер” құрамасы жеңіске деген жігерлігімен көзге түсті.
Асығат Ерманов “Үздік қақпашы”, Қанат Мәліков, Марат Мусин “Үздік техникалық ойыншы”, Алмас Абдрахманов “Үздік қорғаушы”, Аяби Марданов, Есенаман Стамғазиев “Үздік шабуылшы” Айдос Қарсақов “Үздік ойыншы”, Руслан Чукуров “Үздік төреші” аталымдарына ие болды.