Сырым аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 2023 жылы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсын (бұдан әрі-Конкурс) өткізудің басталғаны туралы хабарлайды.
Мемлекет басшысының 2008 жылғы Жарлығымен бекітілген Конкурс жеке кәсіпкерлік субъектілерінің халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсарту үшін қоғам алдындағы өздерінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыруға және арттыруға бағытталған. Конкурс жеке кәсіпкерлік субъектілерін өз қызметкерлері үшін де, жалпы қоғам үшін де әлеуметтік мәселелерді шешуге ынталандыру және осы салада бар оң тәжірибені көрсету және кеңінен тарату мақсатында өткізіледі.
Байқауға қатысу тегін болып табылады.
Байқау төрт номинациядан тұрады: «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын», «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын», «Үздік ұжымдық шарт», «Экологияға қосқан үлесі үшін», сондай-ақ «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» арнайы сыйлығы.
Конкурс лауреаты атағына үміткерлер материалдарды ресімдейді және жергілікті атқарушы органға қағаз және электрондық жеткізгіштерде ұсынады.
Өткізілетін іс-шаралардың маңыздылығын ескере отырып, Сырым аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ауданның барлық кәсіпкерлерін «Парыз» конкурсына белсенді қатысуға шақырады.
«Парыз» конкурсы туралы толық ақпарат алу үшін Сырым аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 8(71134) 40051, 31158 байланыс телефондарына хабарласулары сұралады