ХАБАРЛАНДЫРУ
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 қаулысындағы бекітілген «Әкімшілік аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларына» сәйкес халықтың пікірін ескеру мақсатында 2023 жылдың 13 мамыр күні сағ 10:00-де Жымпиты ауылдық округ әкімшілігі ғимаратында ауыл тұрғындарына Жымпиты ауылдық округінде орналасқан (Жымпиты, Өлеңті) саябақтарға атау беру жөнінде жиналыс болатынын хабарлайды.