ЖАС САЙЛАУШЫ АЛҒАШ РЕТ ДАУЫС БЕРДІ

ЖАС САЙЛАУШЫ АЛҒАШ РЕТ ДАУЫС БЕРДІ
ЖАС САЙЛАУШЫ АЛҒАШ РЕТ ДАУЫС БЕРДІ
Мәуелі бәйтеректей жапырағы жайылған елге сыйлы, мерейлі әулет Жоламановтар жанұясымен N290 сайлау учаскесіне келіп, таңдауларын жасады.
Әулеттің анасы Мария Мұхамбетқалиеваның немересі Ерұлан Тауфих Аянұлы алғаш рет дауыс берді. 28 қарашада 18 жасқа толған Ерұлан Орал қаласындағы Назарбаев мектебінің 12-сыныбында оқиды.
Ерұлан Аянұлы өзінің даусы маңызды екенін ұғынып, сайлауға келді.
— Бүгін елімнің болашағы үшін таңдау жасадым. Бұрын теледидардан көріп, «біз қашан сайлауға қатысып, дауыс береді екенбіз» дейтінмін. Қазір сол күнге жетіп отырмын. Сайлауға қатысу — кемел келешекке ұмтылған әрбір азаматтың парызы деп білемін, — дейді жас сайлаушы.