#291 сайлау учаскесінде тәуелсіз байқаушылар, “Ауыл”, “Amanat” партияларынан өкілдер мен сенімді өкілдер қатысуда.
- Байқаушылардың қарасы көп. Бұл учаскенің өзінде 10 шақты болып қалады. Бірақ, солардың сапасы мені ойлантады. Дауыс санайтын кезде көбінесе тәуелсіз байқаушылар жалғыз қалып жүрдік. Дегенмен, бұл жолы өзін өзі ұсынған кандидаттардың да бар екенін ескерсек, бұрынғыдай болмас деген үмітім бар. Алайда, мұны кешкі 20.00-де білетін боламыз,- дейді “Жария” тәуелсіз байқаушылар қозғалысының мүшесі Серік Зиятов.