N290 сайлау учаскесіне тұрғындар ұлттық киіммен келіп дауыс беруде.
— Бүгін Қазақстан үшін және Қазақстанның азаматтары үшін маңызды сәт. Еліміз болашақта жарқырап, жайнай берсін.
Ұлттық киіммен келген себебіміз —
Ұлыстың ұлы күнінің мерекелік лебін сезіндік. Ел тарихындағы маңызды сәтте ұлттық құндылықтарымыз да дәріптелуі тиіс. Патриот азамат ретінде, барша қазақстандықтарды дауыс беруге шақырамын. Болашақта халықтың жағдайы жақсарса екен деп тілейміз, —деген пікірде ұлттық киіммен келген тұрғындар Азамат Құдияров пен Шынар Молданиязова.