СЫРЫМДА САЙЛАУ БАТАМЕН БАСТАЛДЫ

СЫРЫМДА САЙЛАУ БАТАМЕН БАСТАЛДЫ
СЫРЫМДА САЙЛАУ БАТАМЕН БАСТАЛДЫ
Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісіне және мәслихаттарға депутаттардың кезектен тыс сайлауы Сырым ауданының N290 сайлау учаскесінде таңғы сағат 7:00-де бата берумен басталды. Жымпиты ауылының 87 жастағы тұрғыны Ысқақ Курпелдесов ертемен N290 сайлау учаскесіне келді. Жұмысын бастағалы тұрған комиссия мүшелеріне батасын берді. Алғаш болып дауыс беруге келген Ысқақ Курпелдесов пен Қанипа Айдархсноваға комиссия төрағасы Берік Бисалиев естелік сыйлық табыс етті.
Айта кетейік, N290 сайлау учаскесінде 1584 сайлаушы бар. Үйден дауыс беретін адамдар саны -5. Сағат 12:00-ге дейін үйден дауыс берушілердің өтініші қабылданады. Бюллетеньдер саны — 1599.