70 жастағы Нұрлан Жұмағалиев еліміздегі сайлау науқандарына алғашқы болып, аяқтай келетін ақсақалдың бірі де бірегейі.
Бүгін науқанда да әдеттегіше азаматтық таңдауын жасады. Таңмен таласып сағат 05:55- те сайлау учаскесіне келіп алды.
- Еліміздің болашағы үшін, ұрпағымыздың болашағы үшін таңдауымызды жасауымыз керек. Әрбіріміздің дауысымыз маңызды,- дейді Нұрлан Ізгілікұлы.
#291 сайлау учаскесінің комиссия төрағасы Марат Ақбасов алғашқы сайлаушыға естелік сыйлық табыс етті.