ТАСҚЫННЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

ТАСҚЫННЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
ТАСҚЫННЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Бүгін аудан әкімінің орынбасары Артур Шерғалиев аудан орталығы Жымпитыдағы көктемгі су тасқынының алдын алу жұмыстарымен танысып қайтты.
Сырым ауданы әкімі аппараттының жалпы бөлімінің бас инспекторы Алмаз Қуанаевтың сөзіне сүйенсек, бүгінде Жымпитыда 5000 текше метр қар шығарылған.
Бүгін сағат 15.00-ге дейін суды соруға 2 ассенизатор, 4 мотопомпа, 15 жұмысшы жұмылдырылып, 1320 текше метр су сорылды.
Ал қойнауына су толтырған 37 арықтар мен каналдар сорылып үлгерген. Оны соруға 5 жұмысшы мен 1 техника кірісті.
Аудан әкімінің орынбасары Артур Мұратұлы аталмыш жұмыстар алдағы уақытта да назарда болатынын баса айтты.