Алғыс айтамыз!

Алғыс айтамыз!
Алғыс айтамыз!
Елінің болашағына алаңдаушылық білдіретін әрбір адамға жас ұрпақтың саналы, тәрбиелі, білімді болып ержеткені бір ғанибет. Ал үйдегі баламыздың тәрбиесі оның үлгі-өнеге алып тәрбиелейтін ортасында өте ізетті, көңіл қуантарлықтай деңгейде болса, ата-ананың да сенімінің ақталғаны.
Аудан орталығындағы аудандық психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің басшысы Аида Ниязғалиеваның ұжымы жөнінде осындай жылы пікір айта аламыз. Мекемеде ерекше күтімді қажет ететін балаларымыз үшін «Аутистикалық спектор бұзылыстары бар балалармен жұмыс жасаудың әдіс-тәсілдері», «Сал ауруы және тірек-қимыл аппараты бұзылған балалармен жүргізілетін түзете-дамыту жұмыстарының ерекшеліктері» секілді жобалар қолға алынған. Аталған жобалардың негізінде жұмыстанатын мекеме қызметкерлері Әсия Иманғалиева, Қуаныш Бисенбиев, Гүлзия Бабашова, Назым Дәулеталиева, Райгүл Ермұханова, Ақзер Айдарханова, Гүлжүзім Өтеулиеваның әр балаға деген жылы сезімі, аялы қамқорлығы ерекше дер едік.
Елімізде наурыз айының алғашқы күні – Алғыс айту күні болып жарияланғаны аян. Аталмыш мереке қарсаңында Аида Кимқызы жетекшілік ететін ұжымға балаларымыздың тәрбиелі, өнегелі, бауырмал, жан- жақты болып, түрлі қарым-қабілетті бойына сіңіру бағытындағы еңбегі үшін әкелік, аналық ақ жүрегімізбен алғыс айтамыз.
Қазақстанның болашағы – жас ұрпақты тәрбиелеу жолындағы қадамдарыңызға сәттілік тілейміз.