Халықты қорғау - Азаматтық қорғаныстың басты міндеті. Сондықтан, халықты төтенше жағдайға дайындау, табиғи және адами факторлардан орын алатын түрлі апаттың алдын алу - маңызды міндет болып табылады.
Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күнін мерекелеу табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан, қазіргі заманғы зақымдау құралдарынан, қорғау құралдары мен әдістері туралы білімді насихаттау және халық арасында тарату мақсатын көздейді.