Аударыспақ - ат үстіндегі күрес. Оған тақыммен бірге білек күші де керек.
Белгілі атсейіс Төлеби Қайыржанов жаттықтыратын А. Шайхиев атындағы Сырым аудандық балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебінің аударыспақ үйірмесінің шәкірттері, жас палуандар -
Нариман Нұршат, Нұрсұлтан Өтепов, Нұрымжан Баймұханов, Диас Төлеу командалық тартыстарды түгел өз пайдаларына шешіп, жеңімпаз атанды.
- Төрт шабандоздан да ертең қазақ көкпарының жұлдыздары шығады. - деп сеніп отыр бапкер Төлеби.