СЫРЫМДЫҚ САМБОШЫЛАР ДАЙЫНДЫҚ ҮСТІНДЕ

СЫРЫМДЫҚ САМБОШЫЛАР ДАЙЫНДЫҚ ҮСТІНДЕ
СЫРЫМДЫҚ САМБОШЫЛАР ДАЙЫНДЫҚ ҮСТІНДЕ
Сырымдық самбошылар ағымдағы жылдың ақпан айында Ақтау қаласында өтетін жастар арасында спорттық және жауынгерлік самбодан Қазақстан чемпионатына және наурыз айында Қарағанды қаласында өтетін ересектер арасында спорттық және жауынгерлік самбодан Қазақстан чемпионатына дайындықтарын пысықтау үшін Ресей Федерациясының Рязань қаласына Батыс Қазақстан облысының құрама командасы сапында оқу жаттығу жиынына қатысып жатыр. Атап айтсақ, Асқар Шайхиев атындағы Сырым аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің түлектері Қуанышкерей Диас, Нұралиев Бибарыс, Ғаббасов Нұрымжан алдағы чемпионатта облысымыздың намысын қорғайтын болады. Жаттықтырушылары — Мәулет Қожахметов, Ержан Чукуров.
Сырымдық самбо саңлақтарына тек сәттілік тілейміз.