БОС ЖЕР ЖҰМЫС ЖАСАЙТЫН АДАМҒА БЕРІЛУІ КЕРЕК.

БОС ЖЕР ЖҰМЫС ЖАСАЙТЫН АДАМҒА БЕРІЛУІ КЕРЕК.
БОС ЖЕР ЖҰМЫС ЖАСАЙТЫН АДАМҒА БЕРІЛУІ КЕРЕК.
Жаңақаладағы жантүршігерлік оқиға оқырманның есінде болар. Көшеде ажалдың "әнін айтып" дыңылдап, ашық - шашық тұрған трансформатор 7 жасар баланы қос қолынан айырып, обалына қалды. Трансформаторларды қоршау, қауіпсіз ету - бүгінгі күні ауыл әкімдеріне берілген қатаң тапсырма. Осы жұмыс Сырым ауданы, Алғабас ауылдық округінде асқан жауапкершілікпен атқарылып жатыр. 2022 жылы 14 трансформатордың 10 - ы қоршалып, ауласына құлып салынған. Жұмыс жалғасуда. Бұл туралы округ әкімі Өркен Әменов ауылдастарымен болған есептік кездесуде айтты.
Округте оң бағалауға тұрарлық басқа да жұмыстар бар. Мысалы, мәдениет үйін күрделі жөндеу жұмыстары басталып, үйлерге "Ақбұлақ" бағдарламасымен ауыз су жеткізіліпті. Алғабас дәрігерлік амбулаториясының екпе кабинетіне шағын жөндеу жұмыстары жүргізіліп,
Жаңаөңір ауылындағы ФП ғимараты ішкі жылыту жүйесі жасалып, көгілдір отынға қосылған.
Өркен Әменов өз баяндамасында шаруалардың негізгі мәселесін де айтып өтті :
Қазіргі уақытта Үкіметтің түрлі қолдау шараларын тұтынып, қожалық ашып мал шаруашылығын ширатуға белсенді кіріскен ауылдастар бар. Жыл сайын округтің босалқы жерлері заңға сәйкес,, конкурс арқылы берілуде. Биылғы жылы 8160 га жер көлемі конкурсқа шығару жоспарлануда .Дегенмен, жерді алып, бірақ бірде-бір малдары тіркелмеген шаруашылықтар бар. Жер көлемі көп, оған мал басы сәйкес келмейтін қожалықтар да жоқ емес. Бос жер жұмыс жасайтын адамға берілуі керек. Бұл бағытта тиісті мемлекеттік органдармен бірлесе жұмыс жасайтын боламыз. Округте мал азығы қорын жинақтау мақсатында былтырғы жылы 13261 тонна мал азығы дайындалды және жинақталған мал азығы аулалар мен мал қыстақтарына толық жеткізілді. Қыстақ барысы қалыпты. - округ әкімі.
Тағы бір мәселе - М. Қаналиев атындағы орта мектепте математика пәні мұғалімі жетіспейді.
Жиынға Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев қатысып, тұрғындармен ауылды дамыту бағытында сұхбаттасты, жеке мәселелер бойынша қабылдау жасады.