Облыс прокуратурасының тапсырмасымен аудан прокурорларына "Заң керуені" акциясын ұйымдастыру міндеттелген.
Осыған орай, Сырым ауданының прокуроры Нартай Байменов аудан әкімі және бөлімдермен бірлесіп "Заң керуені" акциясы бойынша халықпен кездесіп мал ұрлығы, алаяқтық, жол ережелерін сақтау тақырыптарында Сарой, Жетікөл ауылдық округтерінде баяндама жасады.