САЙЛАУ - 2023:
"AMANAT" 11 ҮМІТКЕРІН ДОДАҒА ҚОСТЫ.
Бүгін «AMANAT» партиясы Сырым аудандық филиалының кезектен тыс XLI өтті.
Конференция жұмысына партия филиалына қарасты 17 бастауыш партия ұйымдарынан сайланған делегаттар, жастар өкілдері және БАҚ өкілдері қатынасты.
Бір мандатты округтер бойынша Сырым аудандық маслихатына партия атынан 11 кандидат ұсынылып, конференция делегаттары тарапынан қолдау тапты. Олар бүгін Сырым ауданының орталық сайлау комиссиясына өтініш жазды.
Сонымен қатар Батыс Қазақстан облыстық филиалының кезектен тыс ХХХІІ конференциясына құрамы бес адамнан тұратын делегаттар сайланды.