ГАЗЕТ ОҚУ - САНАНЫ ТҮЗЕЙДІ.
Оқырман қауым жаңа жылдың табалдырығында сүйікті басылымдары - "Сырым елі" газетінің жаңа санымен қауышып, мәре - сәре болып жатқан шығар.
Газет - ақпарат көзі ғана емес, қоғамдық тәрбие құралы да. Осылай деп ойлайтын Сырым ауданының пробация қызметі істі болып, жазасын өтеп, ортаға оралған азаматтарды "Сырым елі" газетіне жаздырып, оң бастама бастады.
- "Өнер - білім бәрі де, Оқуменен табылған" - дегендей, игіліктің бәрі еңбекпен, оқумен табылады. Оқу - саналы түзейді. Сондықтан, есебімізде тұрған соттылығы бар 5 тұлғаны аудан айнасына жаздырдық. - дейді Сырым аудандық пробация қызметінің аға инспекторы, әділет майоры Нұржан Искарин.