Ғасыр жасаған ана.

Ғасыр жасаған ана.
Ғасыр жасаған ана.
Бүгін Жаңа жыл қарсаңында Жымпиты ауылының тұрғыны, жерлесіміз, еңбек ардагері, алтын алқа иегері Джумагалиева Кулжан анамыз 100ге толып отыр. Кулжан анамыз 1941-1945 ж.ж ҰОС кезінде 16-18 жасынан тылда еңбек етіп,әр түрлі қол жұмыстарын жасаған. Еңбек жолын Жымпиты ауылының Жымпиты орта мектебінде ұстаздық қызметпен бастап, Бұлдырты,Қаратөбе ауылдарында ұстаздық қызмет атқарған. Зейнеткерлікке шыққанға дейін Жымпиты ауылында кітапханашы болып қызмет атқарған. Ғасыр жасаған анамыздың деніне саулық, отбасына амандық тілейміз.
Тілек білдіруші: Сырым ауданы әкімдігі, Жымпиты ауылы әкімі аппараты, Мәслихат аппараты, аудандық ардагерлер кеңесі