СЫРЫМДЫҚ СПОРТ ШЕБЕРІНЕ ҮМІТКЕРЛЕР ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

СЫРЫМДЫҚ СПОРТ ШЕБЕРІНЕ ҮМІТКЕРЛЕР ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ
Апта басында Орал қаласында КСРО спорт шебері, ҚР құрметті спорт қайраткері, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Бердіғали Төлегеновтің жүлдесі үшін дзюдодан 2008-2009 жылы туылған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында IV республикалық турнир өтті.
“Алғашқы күннен-ақ шәкірттеріміз жеңіс тұғырынан көріне бастады” деп ағынан жарылды Ержан Чукуров.
Қарағанды, Қостанай, Атырау, Ақтөбе облыстарынан, Астана қаласынан, көршілес Самара, Саратов, Оренбургтан 600-дей дзюдошы қатысқан додада жерлестеріміз Бекзат Қуанұлы 60 келі, Әділбек Насибуллин 35 келі салмақ дәрежесі бойынша ІІІ орынды иеленді.
ІІ орынды 42 салмақ дәрежесінде Бекзат Қабеш қанағат тұтса, қыздар арасында Айжан Амангелдина 40 келі салмақ дәрежесінде ІІ орын иегері атанды.
Ауданымызға белгілі бапкерлер Ержан Чукуров пен Орынбасар Серік баптаған спортшылар тек жүлдегерлер атанып қоймай, Қазақстан Республикасының спорт шеберіне үміткер атағын орындады.