ТУҒАН КҮНІНДЕ ДАУЫС БЕРДІ.

ТУҒАН КҮНІНДЕ ДАУЫС БЕРДІ.
Рысбике Сәкенқызы - Ж. Досмұхамедов атындағы мектеп - бөбекжай - балабақша кешенінің физика пәнінің мұғалімі. Ұзақ жылдық ұстаздық қызмет пен мектеп өмірі оны кәсіби педагог етіп қалыптастырды. Қолынан түлеген шәкірттері Рысбике ханымды екінші анамыз деп есептейді.
Бүгін - өлеңтілік ұстаз туған күні. Ерекше оқиғасы сол, Рысбике Сәкенқызы өзінің туған күнінде сайлау учаскесіне келіп, ҚР болашақ Президенті үшін дауыс берді.
Сырымдағы сайлаудың бедерлері осындай.