Жасы егде тартса да немере-жиендердің кемел келешегі үшін #291 сайлау учаскесіне өз дауысын беруге ауылдың үлкендері де келді.
Атап айтсақ, Еленбаевтар, Жасыбаевтар, Өмірзақовтар әулеттері бала-келіндерімен келіп өз таңдауын жасады.
- Жаңа Қазақстанда немере-жиендеріміздің алаңсыз, әділетті елде ғұмыр кешкендерін қалаймыз. Ой жарыстырар бүгінгідей заманда ұрпағымыз білімді, саналы ұрпақтан болсын дейміз,- дейді Жасыбаевтар әулетінің отанасы Бижамал Есендиярова.