АУЫЛ ӘКІМІ МЕН САЛА БАСШЫЛАРЫ ДАУЫС БЕРДІ

АУЫЛ ӘКІМІ МЕН САЛА БАСШЫЛАРЫ ДАУЫС БЕРДІ
Ел үшін маңызды күнде ала таңмен келгендердің бірі Жымпиты ауылдық округінің әкімі Мейрам Қайырғалиев пен Сырым аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы Мұрат Сәрсеев болды.
Одан бөлек, аудандық “Алтын ұя” балабақшасының меңгерушісі, жеке кәсіпкер Манарбек Жайсұлтанов, аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Арман Ғұмаров,аудандық “Қазақтелеком” АҚ басшысы Абат Жұма да арнайы келіп өз таңдауларын жасады.