КІТАПХАНАҒА ЖАҢА ҒИМАРАТ КЕРЕК

КІТАПХАНАҒА ЖАҢА ҒИМАРАТ КЕРЕК
Аудан әкімі Төлеген Төреғалиевтің, Алғабас ауылдық округінің әкімі Өркен Әменовтың тұрғындармен кездесу жиынында атқарылған жұмыстар, алдағы міндеттер кеңінен қозғалды.
Жиын барысында аудандық аурухананың директоры Роза Тахамбетова, аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Артур Искаков халықты сала бойынша хабардар етсе, ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әбіл Бақтияров ұзын жол бойында көліктердің жоғары жылдамдықпен жүретіндігі, малға соғылу оқиғалары күрт өсіп отырғандығына қынжылысын білдірді. Кітапханашы Ұлболсын Карина болашақта кітапханаға бөлек ғимарат, музей болса деген ұсынысын айтты.
Жиынды қорытындылаған Төлеген Серікқалиұлы округтегі малдарды таңбалау, сырға салу, бірдейлендіру жағдайы, малды бағуды қадағалау, міндетті медициналық сақтандыруға көңіл бөлу, мемлекеттік бағдарламаның басты тетігі ауылшаруашылығы өндірістік кооперативін құруға ынталы болу жөнінде тоқталды.
Аудан әкімі округтегі күрделі жөндеу жұмысы жүргізіліп жатырған мәдениет үйінің жағдайымен танысты. Аталмыш құрылысқа жөндеуді жүргізуді құрамында 13 құрылысшы жігіттері жасақталған «Град Строй Сервис» ЖШС-нің директоры Бауыржан Қасымов қолға алған. Аудан әкімі құрылысты сапалы жүргізіп, аяқтауды басшылыққа тапсырды.