«Қарттары бар ел, қазыналы ел»,«Үлкенге — құрмет, кішіге — ізет» деп өскен ұрпақпыз. 25 қазан Республика күні мерекесі қарсаңында, Сарой ауылдық округінің Шағырлой ауылында Халықаралық қариялар күніне арналып, ауылдық округтің қарияларына мерекелік мәдени-көпшілік шара ұйымдастырылды.
Мерекелік шараға аудан әкімі Т.Төреғалиев ауылдық округ әкімі А.Жакиев, Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж. Жуматов, аудандық мәслихат депутаты Е.Байдашевтар қатысты.
Қарияларға мерекелік дастархан жайылып, концерт бағдарламасы қойылды. Жыл ішінде 70, 75, 80, 85 жасқа толған мерейтой иелеріне құрмет көрсетілді.
Ауыл қарияларына ілтипат көрсетуге арналған шараға "Мархабат" шаруа қожалығының жетекшісі М. Шуйншқалиев, "Бәйсеу" шаруа қожалығының жетекшісі Е. Сейфуллин, "Мақсат С" ауылшаруашылық өндірістік кооперативінің төрағасы М. Базарбаев демеушілік етті.