Әскери ойында 8-сынып оқушылары сап түзеу және ән байқауы, эмблема қорғау, арқан тартысу, викториналық сұрақтарға жауап беру, кермеге тартылу, дене көтеру секілді кезеңдер бойынша өзара бақ сынасты.
Жасұландық оқушылардың сайысына ауданның қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің басшысы, подполковник Мұрат Сәрсеев бастаған қазылар алқасы өздерінің әділ бағаларын берді.
Нәтижесінде ІV орынға 8 «Г» сыныбы, ІІІ орынға 8 «А» сыныбы қанағат тұтса, ІІ орынға 8 «В» сыныбының, І орынға 8 «Б» сыныбының оқушылары лайық деп танылды.