Жуырда «AMANAT» партиясының жаңа саяси тұғырнамасының жобасын талқылау көпшілікке жіберілген болатын. Тұғырнама дегеніміз партияның негізгі қағидаттары, құндылықтары мен басымдықтары көрініс тапқан басты құжаты. Саяси тұғырнаманың идеологиясы «адам – қоғам – мемлекет» қағидаты бойынша құрылғаны көңілден шықты. «Біз қуатты ел болғымыз келеді. Және осы жолда келе жатырмыз. «AMANAT»-тың тұғырнамасында оған қол жеткізудің барлық алғышарттары көрініс тапқан.
«Әділдік пен ізгілік, заң мен тәртіп, еңбекқорлық пен кәсібилік әрбір қазақстандықтың талассыз таңдауына, өмір сүру қалыбына айналуы тиіс» деген сөздер жай айтылған емес. Тұғырнама Ұлы Абайдың “Адамның жақсы болуы тегінде емес, тәрбиесінде, ақылында, өнер білімінде“ деген эпиграфпен басталған. Иә, мықты ел боламыз, өркениет көшінің алдыңғы қатарында боламыз десек әр азамат осы қасиеттермен бірге болуы керек.