СЫРЫМДЫҚТАР “ҚОСТАНАЙҒА ҚАРЖЫЛАЙ КӨМЕК” АКЦИЯСЫН ҚОЛДАДЫ

СЫРЫМДЫҚТАР “ҚОСТАНАЙҒА ҚАРЖЫЛАЙ КӨМЕК” АКЦИЯСЫН ҚОЛДАДЫ
Бүгін облыс орталығы Оралдан Сырым ауданына Қостанайдағы тілсіз жаудың құрбаны болған отандастарымызға облыс атынан қолдау көрсетуге 3 жүк көлігі келіп тоқтады.
Ауданның мешіт жамағаты, тұрғындары, жастары елдегі алапат орын алғалы мешіт жанынан ашылған Kaspi есепшотқа қаржы аударуды қолға алып, қарқын ала бастаған еді.
Бүгінде 60 000 теңгеге жуық жиналған қаржыға облыстан арнайы киім-кешек, тұрмыстық қажеттіліктер, азық-түлік тиеген жүк көліктері келе жатыр дегенді естіген бойда халықтан жиналған қаржыға ауданның бас имамы Қуанғали Қуанышұлы мен аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Сәкен Мұса бастаған топ ең қажетті деген азық-түліктерді сатып алып, жүк көліктерінен Қостанайға жолдады.
- Апат- айтып келмейтіні сөзсіз. Қостанайлық ағайынды ел болып қолдауымыз керек,-деді жанашырлық танытып, өз көлігімен тегін бара жатырған жүк көлігінің жүргізушісі, бұлдыртылық Жарқын Дагестанов.
Иә, елді елең қылған тілсіз жаудың салдары кімді болса да бей-жай қалдырмасы анық.
Қостанайлық ағайын батыстағы бауырларының да жанашырлығын қабыл алып, жылы баспаналарына аман - есен қоныстансын дейміз.