Бүгін Орал қаласында "ЖАЙЫҚТЫҢ АРЫСТАРЫ - ҚАЗАҚТЫҢ БАРЫСТАРЫ" атты қазақ күресінен республикалық турнир өтті. Дүбірлі дода өңірімізден шыққан заманының аңызы - Еңсеп Досқалиев, белгілі балуандар Батыр Қуанышов, Оралбек Қожагелдин, Асқар Шайхиев және Қайрат Абдрахмановтардың атын ардақтау үшін ұйымдастырылды.
Жайық жағасын жаңғыртқан жарыста біздің жігіттер жақсы нәтиже көрсетті. Мәселен, Нұрсұлтан Мырзахметов "Түйе балуан" атағы үшін таласып, ІІІ орынға ие болды. Ол соңғы белдесуде жаңақалалық қарсыласын жартылай жеңіс әдісімен ұтты.
Ал, қособалық Мұрадым Әубәкіров ардагерлер арасында топ жарып, 82 келі салмақ дәрежесінде қола жүлдегер атанды.
Оқырманға айтар осындай ақжолтай жаңалығымыз бар.