Сырым аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жанындағы үйде қызмет көрсету бөлімшесінің Жымпиты ауылдық округі бойынша психоневрологиялық ауытқуы бар мүгедектігі бар балаларға және 18 жастан асқан психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар адамдарға қызмет көрсететін күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкері – 0,5 бірлік; Шолақаңқаты ауылдық округі бойынша психоневрологиялық ауытқуы бар мүгедектігі бар балаларға және 18 жастан асқан психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар адамдарға қызмет көрсететін күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкері – 0,75 бірлік
Функционалдық міндеттері: Үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі туралы ережеге сәйкес өз қызметін жүзеге асырады. Бөлімшенің меңгерушісі бекіткен кесте бойынша жұмысты орындайды. Бөгде адамның көмегіне мұқтаж және қызмет көрсету аймағында тұратын мүгедектігі бар адамдарды анықтайды. Медициналық әлеуметтік мекемелерге орналастыру және басқа да көмек алу үшін құжаттарды ресімдеуге жәрдемдеседі. Іс-әрекетке қабілетсіз мүгедектерге қорғаншылық немесе қамқоршылық тағайындау жөнінде көмек көрсетеді. Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарттарына сәйкес, қызмет түрлерін көрсетеді. Денсаулық сақтау, әлеуметтік қызмет көрсету және басқа мекемелермен клиенттерге тиімді қызмет көрсету үшін өзара қарым-қатынас жасайды. Жұмысқа талдау жүргізеді, белгіленген мерзімде есепті ұсынады. Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларының орындалуын қамтамасыз етеді. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Арнайы (әлеуметтік, медициналық, педагогикалық, арнаулы әлеуметтік қызмет жөнінде сертификат) білімі болуы керек.
Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер: «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы», «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзету арқылы қолдау туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Заңдарын және басқа да арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну мәселелері жөніндегі нормативтік-құқықтық актілерді, алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету, компьютерде жұмыс істей білуі тиіс.
Конкурска қатысу үшін мына құжаттар қажет:
Конкурсқа қатысуға ниет білдіруші азаматтар құжаттары осы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарының ресми басылымы аудандық «Сырым елі» газетінде жарияланған сәттен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде мына мекен - жайға тапсырылуы тиіс: Сырым ауданы, Жымпиты селосы, Сейфуллин көшесі №34/А, Үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі.
Анықтама алу телефоны: 21-807