Сырым аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың басшысы болып Муса Сәкен Нұркенұлы тағайындалды. Жаңа басшыны ұжымға аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Досжан Тайшиев таныстырды. Бұған дейін Сәкен Муса «Сырым жастары» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы қызметін атқарып келді.
Сәкен Нұркенұлы 1994 жылы 21 маусымда Сырым ауданы Жымпиты ауылында дүниеге келді.
2012 жылы ЖББ Қ.Мырзалиев атындағы орта мектепті бітірді. 2012 жылы «Сырым жастары» ЖҚБ-нің «Өмірге жолдама» жобасымен М.Өтемісов атындағы БҚМУ «Алғашқы әскери дайындық және дене шынықтыру» мамандығына оқуға түсіп, 2016 жылы бітірді.
Алғашқы еңбек жолын А.Жұмағалиев атындағы Жосалы ОМБК-де Алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі қызметімен бастады.
2018 жылдың қыркүйек айында «Сырым жастары» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы болып сайланып және Сырым аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың кеңесші маманы ретінде еңбек жолын жалғастыруда. Отбасылы, бір қыздың әкесі.