Округке қарасты аядай Сасықкөл ауылының қырында 11 техника мал азығын дайындап жатыр. Шабындықта шалт қимылдап жатқан шаруашылықтың бірі – «Біртай» ЖШС.
Иесі Біржан Төлегенов – Бөкейордасы ауданынан. Сасықкөлдің қырын малға жайлылығы әрі күре жолдың бойында тұрғаны үшін таңдапты. «Біртай» біртіндеп аяққа тұрып келеді. Қыстақтың орыны белгіленіп, 2 құдық соғылған. Көп ұзамай жайылымға 100 ірі қара мен 900 бас ұсақ мал әкелінбек.
Біржан Төлегенов алдағы уақытта сүтті бағыттағы сиырларды көбейтіп, сүт өндірісін жолға қойғысы келеді.
Қожалық биыл 1500 бума шөп дайындауды жоспарлап отыр.