Батыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы коммуналдық қызметтер тарифін көтеруге мораторий қолданысының аяқталуына байланысты "Батыс Қазақстан облысы бойынша ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен халыққа берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 14 желтоқсанда нөмірі 25776 болып тіркелген Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 13 желтоқсандағы нөмірі 8-4 шешіміне сәйкес, 2022 жылғы 1 шілдеден бастап ауыл елді мекендерінің халқына берілген ауыз судың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшері:
- ауызсуды есепке алу аспаптары бар тұтынушылар үшін - 90 теңге;
- ауызсуды есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін - 200 теңге.