
Бүгін аудандық мәдениет үйінде Елорда күніне орай “ Еңсесі биік Елорда- татулық бесігі” атты мерекелік концерт өтті. Сырым ауданы әкімінің орынбасары Ахметов Ерболат құттықтау сөзінде “Елордамыз тек астана ғана емес, елдігіміздің нышаны, береке-бірлігіміздің ұйытқысы, абыройымыздың айғағы болып отыр”,- деп атап өтті.
Мәдениет үйінің қызметкерлері мен өсіп келе жатқан жас буын сахнаның сәнін келтіріп, халыққа мерекелік көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Аудан тұрғындары әуезді ән тыңдап, керемет кештің куәсі болып қайтты.