2021 жылдың ІІ жарты жылдығынан бастап аудан бойынша ит-мысықтарға чип салынып базаға тіркелуде. Бүгінгі күнге дейін аудан бойынша 352 бас ит-мысықтар чиптеліп, соның ішінде 113 бас иесі бар итке (ақылы түрде), чип салынып, дерекқорға тіркелді.
Қаңғыбас жануарларды аулауға және оларды уақытша ұстау орындарына немесе баспанаға орналастыруға арналған Сырым ауданы бойынша 2 бөлікке бөлінеген уақытша ұстау орындары бар.
Заңмен белгіленген жағдайларда сақтық шараларын сақтай отырып жазатайым оқиғаларды болдырмау мақсатында жануарларды жансыздандыру үшін дротиктер мен ксиланит, дителин арнайы жансыздандырылатын инелер қолданылып келеді.
Ішкі істер органдарымен бірлесіп, жануарларды тиісінше күтіп ұстау, байлаудан тыс болуына жол бермеу бойынша ауданымызда түрлі алдын алу шаралары, халыққа түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Ішкі істер органдары жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп, жәбірленушілермен, олардың туыстарымен, әсіресе мұндай жануарлардың иелеріне қатысты заңсыз әрекеттерге, агрессияға жол бермеу мақсатында олардын қаза болуымен немесе ауыр мертігуімен болатын жағдайларды алдын алу мақсатында халыққа медицина қызметкерлерімен бірігіп түсіндіру жұмыстары тұраққты тұрде жүргізілуде, ауданымызда әр түрлі ұлтқа жататын адамдар болуына байланысты, ұлтаралық қақтығыстарды алдын алу алгаритміне сәйкес барлық шаралар кешені қабылдануда.
Сырым ауданы бойынша бұралқы иттерді аулау, жою жұмыстары үнемі (тұрғындардың арыз-шағымдары негізінде) жүргізіліп жатыр.