Кәсіпкердің құқығы қорғалды.

Кәсіпкердің құқығы қорғалды.

​         Сырым ауданының прокуратурасымен ел Президенті мен Бас прокуратурасының басшылығының тапсырмаларын орындау үшін кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды.

Соның бір өзектігіне тоқталсақ, Қаратөбе ауылының тұрғыны жеке кәсіпкер Ш.Төлеуғалидан аудандық прокуратураға жүгінген арызы бойынша, толық қаңағаттандырылып, кінәлілерді жауаптылыққа тартылғаны үшін аудан прокурорына және аудан прокурорының қызметкеріне алғыс білдірген.

Аталған оқиға бойынша Сырым аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» (бұдан әрі - Бөлім) мемлекеттік мекемесінде жұмыс жасайтын Г.​ «Мемлекеттік сатып алу порталымен» «TSE Group» жеке кәсіпкер Ш. Т-ның 330.000 (үш жүз отыз мың) теңге қаражатқа өзінің пайдасына Бөлімінің сенімхатын пайдаланып, өзі формальды түрде қол қойып, кепілдік хат арқылы техникалық құрылғыларды өзінің меншігіне алып кәсіпкердің ақшасын уақытылы бермеген. Алайда, 2021 жылы 21 қарашада қайтаратындығын растайтын қолхат берілген.

Тексеру кезінде, Бөлімінің бұрыңғы басшысы ішкі бақылауды дұрыс ұйымдастырмағандықтан, оның қарамағыдағы қызметкерлер заңға қайшы әрекеттерге жол бергендігі байқалды.

Мысалы, бұрыңғы басшысы заңды тұлғаның электрондық-цифрлық қолтанбаны бөлімінің бас есепшісінің міндетін атқарушы Б. Б және мемлекеттік мекемесінің әлеуметтік статисті Г.Б беріп қойған, бірақ олардың жұмысын мүлдем қадағаламаған.

Өз кезегінде, Г. Б мемлекеттік сатып алу реттейтін заң талаптарын толық менгермегендіктен, үкіметтен бөлінген қаржы толық игерілмеген және жеке кәсіпкер Ш. Т материалдық залал келтіріп өз пайдасына техникалық құрылғыларды сатып алғандығы анықталды.

Осылайша, Г. Б «TSE Group» жеке кәсіпкер Ш. Т 330.000 (үш жүз отыз мың) теңге қаражаттын қайтару және көрсетілген заңбұзушылықты жою жөнінде кінәлілерді тәртіптік жауаптылығын шешу жөнінде аудан әкіміне ұсыну беріліп, нәтижесінде 1 адам жұмыстан босатылып, 2 тәртіптік жауапкершілікке тартылып, «TSE Group» жеке кәсіпкердің 330.000 (үш жүз отыз мың) теңге қаражат толық төленген.

Бүгінде кәсіпкер құқығы қорғалып аудан прокуратурасына алғыс білдіруде.

​

​

Сырым ауданының прокуратурасы