«АУЫЛДАН» АУЫЛҒА 1500 БАЛАПАН!

«АУЫЛДАН» АУЫЛҒА 1500 БАЛАПАН!
Ауыл» партиясының Батыс Қазақстан облысы филиалы Бұлан ауылдық округіндегі 30 үйге 1500 балапанды тегін таратты.
Халыққа балапандарды ілкі кезде қоректендіруге арналған арнайы азықтар қоса берілді. Ауылдағы мал баққан ағайынға құс та бөтен емес. Десек те, құс өсіру ісі аулаларда шаруашылық сипатында емес, әуестік бағытында ғана жүзеге асып жатқанын көзіміз көріп жүр.
Құс шаруашылығын қалай ширатуға болады? Осы сауалға жауап ретінде кеше бұландықтар үшін мамандар ”Жеке қосалқы шаруашылық: бройлерді өсіру технологиясы” атты семинар - тренинг өткізіп, қатысқандарға сертификат берді. Ауыл тұрғындары атынан Ақжан Ермекова мен Данагүл Каримова игі бастамалары үшін «Ауыл» партиясының өңірлік филиалы мен «Жайық Құс» фабрикасына алғыстарын білдірді.
Айта кетейік, Бұлан ауылдық округінің әкімі Мұрат Әділгереев бұл лауазымға «Ауыл» партиясы атынан ұсынылып, халықтың 82% дауысын болатын. Партия алдағы уақытта Бұлан ауылына мұз айдынын салуға да қаржылай жәрдемдеспек.