Аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Қоғамдық кеңеске төрағасы Асхат Дүйсенғалиев төрағалық етіп, аудан әкімінің орынбасары Асланбек Сарқұлов, аудандық мәслихат хатшысы Шынар Дүйсенғалиева, кеңес мүшелері, ауылдық округ әкімдері, мекеме, бөлім басшылары қатысты.
Күн тәртібіндегі қаралған мәселелер бойынша хабарламалар жасалды. Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес аудандық білім беру бөлімінде атқарылып жатқан жұмыстар туралы білім беру бөлімінің басшысының міндетін атқарушы Әділ Ахмет баяндады. Аудандағы эпизоотиялық жағдай және мал дәрігерлік іс-шараларын өткізу хақында аудандық ветеринариялық станцияның директорының орынбасары Тілеген Хамидуллин мәлімдеді. «Мемлекеттік жастары саясаты» туралы Заңның ауданда қандай деңгейде орындалуы туралы жайын «Сырым жастары» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сәкен Муса баяндады. Ал, мемлекеттік қызметтің сапасы туралы аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Руслан Усағалиев, Бұлдырты ауылдық округінің әкімі Салауат Нұрпейісов, Жосалы ауылдық округінің әкімі Батырғали Иманқұлов, Елтай ауылдық округінің әкімі Рашид Байыров хабардар етті.
Қоғамдық кеңес барысында баяндама жасаушыларға сұрақ қойылды, ұсыныс беріліп, баяндамалар бойынша тиісті қаулы алынды.
Отырысты аудан әкімінің орынбасары Асланбек Сарқұлов қорытындылап, айтылған ұсыныстар аудандағы жұмыстың сапасын жақсарту мақсатында екенін, Талдыбұлақ, Жырақұдық, Көздіғара мектептерінде бала санының аздығы мәселе боп отырғанын, мектеп, балабақшалар мемлекеттік-жеке меншік әріптестік бағытында салынатынын, рейдтерге қоғамдық кеңес мүшелерін тарту қажеттігі, ауданда кадр мәселесі жөнінде айтты.