Орал қаласындағы мәдени - демалыс саябағында "Qazaqstan jastary" қоғамдық қорының ұйымдастыруымен "Үздік жас мемлекеттік қызметші" квест-ойыны өтті. Шараға Орал қаласы Батыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасы мен Мемлекетттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша департаментінің қолдау білдірді.
Квест ойыны жас мемқызметкерлердің сауаттылығын, білім - білігін сынға салды. Бес кезеңде жоғары нәтиже көрсеткен Сырым ауданы әкімдігінің бірыңғай персоналды басқару (кадр қызметі) бөлімінің басшысы Нұржауған Есен жеңімпаз атанды.
- Нұржауған Мақсотқызы байқауға тың дайындықпен келген. Одан кейінгі орындарды
оралдық Айгерім Сансызбаева мен шыңғырлаулық Ерсайын Шаймбетов иеленді.
Жүлдегерлер мен барлық қатысушыларға «ТЕХНОДОМ» сауда үйінің сертификаты мен алғыс хаттар табысталды.
Мемлекетке қызмет ету - Тәуелсіздікке қызмет ету болып отыр. Жас мемқызметкерлерді соны жете түсінеді.
- дейді "Qazaqstan jastary" қоғамдық қорының БҚО филиалының төрағасы Маралбек Амантаев.