Табылғали Сапаров әңгіме желісін қоғамдық сана - сезім тақырыбына қарай бұрды:
- Адам газет оқудан қашпауы керек. Газет - ең қолжетімді бұқаралық құрал.
ХХІ ғасырдың адамына ақпаратты сараптамай, зерделемей болмайды. Себебі, ақпарат хабар - мәлімет деңгейінен қару деңгейіне көтерілді. Медиа - қоғамдық пікірді қалыптастырып жатыр. Елдің басында, әлемде неше түрлі саяси оқиғалар орын алды емес пе? Көтеріліс пен соғысқа адамдар "ақпараттық дәліз" арқылы келуде. - деп баспасөз саласының заманға ықпалын атап өтті.
Жиналысты Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев жүргізді.