Қызылағаш, Аралтөбе ауылдарында сход жиыны оздырылды.

Қызылағаш, Аралтөбе ауылдарында сход жиыны оздырылды.
Аралтөбе ауылдық округі бойынша 5,7 сәуір күндері Аралтөбе, Қызылағаш ауылдарында ауыл тұрғындарының жалпы жиыны (сход) өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Е.Ахметов, ауыл шаруашылық және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Р.Усагалиев, жер қатынастар бөлімінің басшысы А.Тоқтаров, аудандық ветеринариялық станция басшысы А.Журалиев қатысты. Жиында қаралған негізгі мәселелер.
1. Ауылдың санитарлық тазалығы, ауылды абаттандыру;
2. Қоғамдық тәртіп;
3. Ауыл тұрғындарының жеке малдарының бағымын ұйымдастыру;
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша ауылдық округ әкімі А.Мухитов хабарлама жасады. Жиынның қорытындысы бойынша Аралтөбе ауылы тұрғындарының ірі қара малы екі бағытқа, жылқы малы 1 бағытқа, Қызылағаш ауылы тұрғындарының жеке малы бір бағытқа бағылатын болып келісілді. Барлық бағыттағы ауыл шаруашылық малдары бақташылармен қамтамасыз етілді.