Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы бойынша қоғамдық қабылдау жүргізілді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы бойынша қоғамдық қабылдау жүргізілді.

Ағымдағы жылдың 30 наурыз күні «Сырым ауданы әкімі аппараты» ММ-нің ұйымдастыруымен «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ы филиалының Сырым аудандық халыққа қызмет көрсету  бөлімінде офлайн ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті өкілдерінің және аудандық қоғамдық кеңестің мүшелері А.Ойшыбаева, С.Муса, Ш.Молданиязованың қатысуымен мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету, сыбайлас-жемқорлық фактілерін азайту бойынша қоғамдық қабылдау жүргізілген болатын.
Қабылдау барысында тұрғындар тарапынан жер қатынастары, азаматтық хал актілерін тіркеу қызметтері бойынша қойылған сұрақтарға жауап берілді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қоғамдық қабылдау жүргізу алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.