
Гаухар – ЧЕМПИОН!
Тамыз айының 16-22 күндері аралығында Алматы қаласы, Еңбекшіқазақ ауданы, Жанашар ауылында Қол күрес спортынан 19-ыншы Азия чемпионаты өтті. Чемпионатқа жерлесіміз Сырым ауданы, Бұлдырты ауылының тумасы Рустамова Гаухар қатысып, жасөспірімдер арасында 55 кг салмақ бойынша сол қолдан бірінші орын, оң қолдан екінші орын алып, аудан мен қала ғана емес, облыс пен республикамыздың мәртебесін асқақтатты. Сырым ауданы балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушісі Рустамова Гаухар – жалпы білім беретін Бұлдырты орта мектебінің 10-ыншы сынып оқушысы. Азия чемпионатындағы жеңістерімен енді ол Түркия елінде өткелі отырған әлем чемпионатына жолдама алды. Елдің намысын қорғап жүрген жерлесімізді шын жүректен құттықтап, әлем елдері арасында да қазақ туын көтереді деп сенім білдіреміз һәм сәттілік тілейміз! Гаухардың осындай биік белестерді бағындырып жүруінде, бапкері – Курашев Төлеген Сансызбайұлының еңбегі зор!