Бүгін “Қайсар” спорт клубының ғимаратында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 35 жыл толуына орай мекеме қызметкерлері арасындағы аудандық спартакиаданың ашылу салтанаты өтті.
Салтанатты жиында аудан әкімінің орынбасары С. Токмамбетов құттықтау сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Аудандық спартакиада – мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі саналатын бұқаралық спортты дамыту мен салауатты өмір салтын насихаттаудың нақты көрінісі. Бұл шара мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби біліктілігімен қатар, достық қарым-қатынас қалыптастырып, спорттық белсенділігін айшықтайтын маңызды алаң болып табылады.
Спартакиадаға 11 команда қатысуда. Ашылу күні ерлер мен әйелдер арасында тоғызқұмалақ, асық ату және бес асық спорт түрлерінен жарыстар өткізілді.

Тоғызқұмалақ (әйелдер):

Искакова Гульнур (Сырым колледжі)

Хабиева Мейрамгүл (Аудандық білім беру бөлімі)

Мұрат Әлемнұр (Сырым мектеп лицейі)

Тоғызқұмалақ (ерлер):

Мендалиев Жастілек (Аудандық аурухана)

Шынтасов Тұрарбек (Аудандық білім беру бөлімі)

Нығметжанов Бекболат (Сырым мектеп лицейі)

Бес асық:

Исатаева Кенжегүл (Шапағат командасы)

Бейісова Гүлсім (Қ.Мырзалиев ОМ)

Капашева Арнагүл (Сырым колледжі)

Асық ату:

Сырым лицейі командасы

БЖСМ командасы

Айбын командасы
Аудандық спартакиада ағымдағы жылдың 23 қаңтар–27 ақпан аралығында өтеді. Жарыстар 8 спорт түрі бойынша ұйымдастырылады. Атап айтқанда: асық ату, бес асық, тоғызқұмалақ, қол күресі, шаңғы эстафетасы, үстел теннисі, допты хоккей, арқан тарту және волейбол.
Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!