“ЖЫЛ ҮЗДІГІ - 2025” СПОРТШЫЛАР БАЛЫ ӨТТІ

“ЖЫЛ ҮЗДІГІ - 2025” СПОРТШЫЛАР БАЛЫ ӨТТІ
Бүгін, 24 желтоқсан күні ауданымызда спорт саласындағы жылдың қорытынды шарасы - «Жыл үздігі – 2025» спортшылар балы өтті.
Алғашқы құттықтау сөз кезегі аудан әкімі Батырниязов Жұмагелді Жолдыбайұлына беріліп, жыл бойы еңбек етіп, үздік нәтиже көрсеткен сала мамандарына алғысын жеткізді. Кешке мекеме басшылары мен спорт жанашырлары, сала қызметкерлері қатысты.
Кеш барысында спорт саласының үздіктеріне “үздік спортшы”, “үздік
жаттықтырушы”, “үздік спорт әдіскері”, “үздік спорт нұсқаушысы”, “жыл серпілісі”, “үздік дене шынықтыру пәні мұғалімі”, “үздік пара спортшы”, “үміт артар спортшы”, “үздік спортшы әкім”, “үздік спорт жанашыры”, “үздік ұлттық спортшы”, “үздік спорт саласының техникалық қызметкері”, “үздік спорт саласының БАҚ өкілі”, “үздік спорттық ұжым”, “үздік команда”, “үздік ардагер спортшы” номинациялары берілді.
Сонымен қатар, аудан әкімінің алғыс хаттары табысталып, өз саласының мамандары марапатталды.
Бұл - тек марапат емес, бұл - жыл бойы төгілген маңдай тер мен табандылықтың жемісі. Барша марапат иелерін шын жүректен құттықтаймыз!
 
Құбаева Нұрайлым